• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Мамыр, 2020

Теңіз кенішінің 15 жұмысшысы індет жұқтырды

249 рет
көрсетілді

Қауіпті індеттің ошағы тағы да Теңіз кенішінен анықталып отыр. Өйткені, мұнда жұмыс істейтін 14 ер адам мен 1 әйелден КВИ белгісі табылды.

– Жұмысшылар міндетті скринингтен өту кезінде инфекцияны жұқтырғаны расталды. Қазір олар инфекциялық стационарға жатқызылды. Хаттама сәйкес ем алып жатыр. Ал індеті ошағы мен науқастармен байланыста болғандарды анықтау жүргізілуде, - деп хабарлады өңірлік жедел штабтан.

Бүгін Атырау облысында  қауіпті індетті жұқтырғандар 959 адамға жетті. Оның ішінде Теңіз кенішінің 850 жұмысшысы бар. Ал, жазылып шыққандар – 262 адам.