• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Мамыр, 2020

Қостанайлық оқушылар жаңа биопластик ойлап тапты

471 рет
көрсетілді

«Дарын» орталығының ұйымдастыруымен онлайн режімде өткен «Ғылым әлемін ашамыз» атты халықаралық олимпиадада Қостанай қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушылары Сәния Өмірзақова мен Дилара Усембаева I орынға ие болды. Жас ғалымдар тағам қалдықтарынан пластикалық материал жасап шығарудың жолын анықтаған.

- Бізді экология мәселелері алаңдатады. Сондықтан табиғи түрде ыдырамайтын жасанды материал - пластмасса қалдықтарының мөлшерін азайту жолдарын қарастырдық. Бір жыл ішінде ұстазымызбен көптеген тәжірибе өткізіп, нәтижесінде өсімдік тағамдарының қалдықтарынан жасалған биопластиканы ойлап таптық. Бұл материалдың басты ерекшелігі – топырақта өздігінен ыдырап, жоқ болып кетеді. Біз жаңа материалдың физикалық және химиялық құрамын анықтап, оны жасап шығарудың технологиясын да таптық, - дейді жас ғалымдар.

Ғарыштық зерттеулер саласына қатысты өткен онлайн-олимпиаданың қорытындысы бойынша Қостанайдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 2 оқушысы жеңімпаз атанса, 3 оқушы – екінші, 4 оқушы үшінші орынды жеңіп алды.

 

Қостанай облысы