- БҰҰ бастамасымен ұйымдастырылған бұл іс-шара бейне конференция форматында өтеді. Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Қазақстан төрағалық ететін Теңізге шығатын жолы жоқ дамушы елдер тобының атынан сөз сөйлейді.
Сессия барысында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Канаданың Премьер-Министрі Джастин Трюдо, Германия Канцлері Ангела Меркель, Франция Президенті Эмманюэль Макрон, Жапония Премьер-Министрі Синдзо Абэ және басқа да мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшылары сөз сөйлейді деп жоспарланып отыр.
Форум тікелей эфир арқылы Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 18.00-де http://webtv.un.org/ сайтынан көрсетіледі, - деп жазды Берік Уәли.