• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Мамыр, 2020

Жітіқарада жаңа туған баланың мәйіті табылды

203 рет
көрсетілді

Қызылшақа сәбидің жансыз денесі Жітіқара қаласының зиратынан табылған. Бұл туралы хабар аудандық полицияға 27 мамыр күні кешкілік келіп түседі.

«Баланың мәйітін қарау барысында денесінде көзге түсерлік зақымдар анықталмады. Аталған оқиға Қылмыстық кодекстің 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіміне тіркеліп, сараптама тағайындалды. Қазір жаңа туған баланың анасын, сондай-ақ куәларды  анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Жас босанған ана табылып, қылмысы анықталса 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін» - деп хабарлады облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.

 

 

 

Қостанай облысы