Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер саны 2500 дана. Оның «Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінде 1600 дана, «Каспий оперейтинг» ЖШС теңгерімінде 900 дана контейнерлер бар.
Одан бөлек «Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінде 77 дана евро контейнерлер бар. Қала аумағына қосымша тағы 1500 дана контейнерлер қажет. Бұл утралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ағымдағы жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер сатып алуға бюджеттен 15 млн.теңге қаралған. Оған 441 дана контейнер сатып алуға мемлекеттік сатып алу арқылы «Прогресс-К» ЖК жеңімпаз болып анықталды. Одан бөлек «Каспий оперейтинг» ЖШС өз есебінен жыл соңына дейін 400 дана контейнер қала аумағына орнатылады.
Қала аумағында құрамында ртуть қосылған лампаларды жинайтын арнайы 27 контейнерлер бар. 2020 жылы құрамында ртуть қосылған лампаларды жинау және жою жұмыстарына мемлекеттік сатып алу арқылы жеңімпаз болып «Едилбаева» ЖК анықталып, жұмыстарын жүргізуде. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін жалғасатын болады.
Маңғыстау облысы