Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің әлеуметтік парақшасында жазды.
«@Askar_Baitassov жазғандай, сарапшылармен демалыс күндері автокөліктердің қозғалысы үшін кейбір көшелерді жабу мәселесін талқыладық. Бұл учаскелер жаяу жүргіншілер аймағына айналады. Қай көшелер екенін кейінірек хабарлаймыз. Дайын болыңыздар», - деп жазды шаҺар басшысы.
Осынау қадамдар арқылы алдағы уақытта шаһар билігі қала тынысын ашып, тұрғындардың демалыс күндері емін-еркін қыдыруына жағдай тудырмақ.
АЛМАТЫ