Қызылорда облысы Полиция департаментіне өндірістік практикадан өтуге келген ІІМ Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының 12 курсанты қорытынды мемлекеттік аттестаттауды қашықтықтан оқыту форматында «Платонус» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін қолдана отырып, онлайн режимінде тапсыруда. Шараны ұйымдастыруда департаменттің кадр саясаты басқармасы тарапынан көп көмек жасалды.
Осы мақсатта департаменттің Жедел басқару орталығының конференц- залында компьютерлік сынып жасақталып, интернет байланыспен қамтамасыз етілді.
Сондай-ақ, Полиция департаментінің тергеу, жедел-криминалистика, өзіндік қауіпсіздік басқармасының тәжірибелі қызметкерлері мемлекеттік аттестауда адалдық принципінің сақталуын қадағалауда.
Полиция қатарында болуға сұраныс артып келеді. Парасатты, ынтасы бар жас қызметкерлерге мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуде, - дейді Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Нәлібаев Пазылбек Машбекұлы.