• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Әлем 29 Мамыр, 2020

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшілігінің қатысуымен конференция өтті

112 рет
көрсетілді

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшілігінің қатысуымен «Ислам әлемімен қазіргі дипломатиялық қарым-қатынастардың қайнар көзі: Нәзір Төреқұлов пен Карим Хакимовтың өмірі мен тағдыры» айдарымен бейнеконференция өткізілді. Конференция барысында қатысушылар кеңестік дипломатияның жарқын өкілдері Н.Төреқұлов пен К.Хакимовтың өмірі мен қызметтері, олардың Кеңес Одағы мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынастарды қалыптастыру мен дамытуға қосқан орасан үлестері туралы сөз қозғап, өз ойларымен бөлісті.