• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Мамыр, 2020

Жітіқараға жаңа реанимобиль берілді

153 рет
көрсетілді

«KustoGroup» халықаралық компаниясы #KustoHelp акциясы аясында Жітіқара қаласына реанимациялық автокөлік тарту етті. «Mercedes-Benz»  «Sprinter» маркалы жедел жәрдем көлігі шұғыл көмек көрсетуге қажетті барлық заманауи медициналық құралдармен және жасанды тыныс алу құрылғысымен жабдықталған.

Сонымен қатар компания аудандық ауруханаға 5000-нан астам медициналық маска, 500 костюм, 500 қорғаныс экраны және 25 ОБС-1 бактерицидті сәулешағылыстырғыш сыйлады.

Автокөлік кілтін Жітіқара ауданының әкімі Абай Ибраевқа «KustoGroup» компаниясының өкілі Самат Акышев табыс етті. Ал әкім  кілтті аудандық аурухана бас дәрігерінің м.а. Рүстем Айтбаевқа тапсырды.

Бас дәрігердің айтуынша, мұндай толық кешенді заманауи реанимобиль облыста Жітіқара ауруханасынан басқа жерде жоқ көрінеді.

 

 

Қостанай облысы