• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Мамыр, 2020

Нұрлан Ноғаев электр энергетикасы саласын дамытудың мәселелері бойынша кеңес өткізді

217 рет
көрсетілді

Энергетика министрі «KEGOC» АҚ электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстандық ұлттық компаниясына барып, кәсіпорынның жұмысымен танысты және электр энергетикасы саласын дамытудың мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды ЭМ-нің баспасөз қызметі.

«KEGOC» АҚ – орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмысты қамтамасыз етуді, энергия жүйесіндегі балансты қолдауды, жүйелік көрсетілетін қызметтерді және электр энергиясы нарығы субъектілерінен қосалқы көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желісі бойынша беруді, оған техникалық қызмет көрсетуді және пайдалану әзірлігінде ұстауды жүзеге асыратын жүйелік оператор.

Нұрлан Ноғаев жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығының жұмысымен танысты, сондай-ақ электр энергетикасы саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. «KEGOC» АҚ Басқарма Төрағасы Бақытжан Қажиев Министрге Қазақстанның электр энергетикасы саласының ағымдағы жай-күйін мәлімдеді.

Жұмыс барысында «KEGOC» АҚ-тың  жұмыс нәтижелері туралы,  Ұлттық электр желісін күшейту жөніндегі іске асырылған және ағымдағы жобалар туралы,  сондай-ақ компанияның перспективті жобалары туралы есептер тыңдалды.   

Сондай-ақ, Министрге ЖЭК секторындағы және қуат нарығында «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы» ЖШС-ның қызметі туралы ақпарат және электр энергетикасы нарығының осы сегменттеріне егжей-тегжейлі талдау ұсынылды.  

Кеңестің қорытындысы бойынша Энергетика министрі уәкілетті тұлғаларға бірқатар нақты тапсырмалар берді.