Шымкент қаласының 51 тұрғынынан COVID-19 вирусы табылды. Олардың 29-ы вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған. 3 адам ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған. 8 адам стационарға жоспарлы түрде жатқызу алдында тексерілгендер.
Ал 1 адам Атырау облысынан келген, 8-і скрининг нәтижесінде анықталған, 2-і ақылы түрде қаралған. Барлығы тиісінше жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған.Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алып жатыр. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.