Вирусты жұқтырғандардың 10-ы Талдықорған қаласында, 8-і Қапшағай қаласында, 1-еуі Қарасай ауданында, 1-еуі Панфилов ауданында, 1-еуі Алакөл ауданында және Текелі қаласында 2 адам тіркелген.
Барлық 23 науқас белсенді түрде анықталды, олардың 14-і бұған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен байланыста болған, 9-ы профилактикалық мақсатпен тексерілген. Барлық науқастар осыған дейін оқшауланып, қазіргі уақытта жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылды.
29.05.2020 ж. жағдай бойынша Алматы облысында аталған инфекцияны жұқтырған жалпы 349 адам тіркелген, олардың ішінде 180-і жазылып шыққан.