• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Руханият 01 Маусым, 2020

Ерікті жасақтың ерлері марапатталды

162 рет
көрсетілді

Төтенше жағдай режімі жарияланып, карантин шектеулері енгізілген кезде Қарағанды облысында 95 азамат өз еркімен әскери қызметке барған болатын. Бір айдың ішінде олар Қарағанды мен Теміртау қалаларында 9 миллион шаршы метр аумақты дезинфекциялық құралдармен өңдеп, ауқымды жұмысты атқарып шықты

Айта кететін бір жайт, әс­кер­ге шақырылушылардың бар­лығы тұрғылықты жерлері бо­йын­ша қызмет етті, яғни олар басқа өңірлерге жіберіл­ген жоқ. Сондай-ақ олар жұ­мыс күні біткенде үйлеріне жіберіліп отырды.

Бүгін төтенше жағдай ре­жімі кезінде аса жауапты жұ­мыс­ты абыроймен атқарған осы ерікті жасақ сарбаздарына Қара­ғанды облысы әкімінің, қала бас­шысының, «Астана» өңір­­лік қолбасшылығы әс­керлері қолбасшысының жә­не жұ­мыл­дыру дайындығы бас­қар­ма­сы­ның атынан «Алғыс хаттар» табыс етілді.

 Әскери міндеттілерді марапаттау кезінде Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ермағанбет Бөлекпаев карантиндік іс-шараларға ат салысқан барлық азаматтарға, жергілікті БАҚ өкілдеріне алғыссөзін жеткізді.

Қарағанды облысының жұмыл­дыру дайындығы басқар­масының басшысы Жомарт Жылқыбаев әскер­ге шақырылғандардың орта­ша жасы­ның 25-35 жас аралы­ғында болғанын атап өтті.

– Олардың арасында уа­қыт­ша жұмыссыз қалғандар, шағын және орта бизнес саласының өкілдері болды. Сондай-ақ меди­циналық білімі бар 17 адам шақыртылды. Арнайы әс­кер­ге шақырылушыларға әске­ри қызметшілер үшін көз­делген барлық жеңілдік­тер қарастырылды. Жұмысс­ыз­дарға мемлекеттен 42 500 теңгеден ақша төленді, ал жұ­мыс істеп жүргендер бұрын­ғыдай мөлшерде еңбекақы­ларын алды, – деді ол.

Сонымен қатар Жомарт Жылқыбаев әскери міндет­тілердің үш мезгіл тамақпен, киім-кешекпен, жеке қорғаныс құралдарымен және арнайы костюмдермен қамтамасыз етілгенін баяндады. Әр жұмыс күні біткен кезде сарбаздардың барлығы ПТР-тест талдауынан өтіп тұрған.

Марапат өз алдына, Қара­ғанды облысында каран­тин­нің жеңілдетілуіне қарамастан, қоғамдық орындарды дезин­фекциялау жұмыстары жалға­са беретін болады. Жер­гілікті атқарушы органдар кондо­миниум тәртібіне сай лифті­лерді, кіреберістердегі есік тұтқаларын және аула­лар­дағы балалар мен спорттық алаң­қайлардың құрал-жабдық­тарын өңдеуге қамқорлық жасауға міндетті.

 

ҚАРАҒАНДЫ