• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 01 Маусым, 2020

«Барыс» құрамы жаңа қақпашымен толықты

348 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін Нұр-Сұлтанның «Барысы» құрамын финляндиялық қақпашымен толықтырды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады. 28 жастағы Йони Ортио елорда командасына Швейцарияның «Цюрих» клубынан ауысып келді.

Йони Ортио 1991 жылдың 3 қаңтарында Финляндияның Турку қаласында дүниеге келген. ТПС клубының түлегі Йони 2009/10 жылғы маусымда аталған командамен бірге шайбалы хоккейден Финляндия чемпионатында алғаш рет қатысып тұрса да, чемпион атанды. Кейіннен әр жылдары АҚШ-тың «Абботсфорд Хит», «Аляска Эйсез», «Адирондак Флэймз», «Стоктон Хит», Канаданың «Калгари Флэймз», «Абботсфорд Хит» сияқты командаларда өнер көрсеткен. Сондай-ақ 2018/19 жылы Құрлықтық хоккей лигасындағы Подольскінің «Витязь» клубының намысын қорғады.

Өткен маусымда Йони Ортио Швейцария чемпионатында «Цюрих» клубының қақпасын 29 матчта қорғап, орта есеппен әр ойында 2 шайба өткізіп алған. Сондай-ақ 91,7% қақпаға бағытталған соққыны қайтара білген. Енді Ортио алдағы маусымда «Барыс» қапасын күзетеді.