• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Маусым, 2020

Ақмолада жолдардың сапасына мониторинг жүргізіліп жатыр

293 рет
көрсетілді

«Сапалы жол» жобасы шеңберінде облыс орталығындағы жолдарға жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапалары тексерілуде. Бұл жұмысқа қоғам белсенділері, жемқорлыққа қарсы қызмет пен жол активтерінің сапасы ұлттық орталығының өкілдері қатысып жатыр.

Красный Яр ауылының жолдарын жөндеу жұмыстарына 640 миллион теңге бөлінген болатын. Қазір жол төсемдерінің сапасына мониторинг жүргізілді.

– Жол бойындағы қуыстарды бітеуге қатысты кемшіліктер анықталды. Яғни, асфальт бетонын төсеу алдында эмульсия төгілмеген. Бұл болашақта асфальбетонның негізгі бөлікпен бітісуіне кедергі келтіреді. Сондай-ақ асфальт бетондық төсемнің төменгі бөлігіндегі өзектің сапасы да тексерілуде. Олар жол активтері сапасының ұлттық орталығындағы лабораторияда зерттеледі, – дейді жол активтері сапасы ұлттық орталығы филиалының маманы Талғат Жүсіпов.  

Сараптамадан кейін жолдың сапасына қатысты арнайы шешім шығарылмақ. Оның жарамды не жарамсыз екендігі зерттеуден кейін белгілі болады. Айта кетейік, мониторингтік топ өкілдерінде облыс орталығындағы жолдардың жағдайына қатысты да сауалдар туындап отыр.  

– Көкшетау қаласында да жол жөнделуде. Дегенмен, арнайы қақпақшалардың сапасы сын көтермейді. Осыған орай мердігерлер кемшілікті жоюы керек, – дейді арнайы мониторингтік топтың жетекшісі Хасан Ерденов.    

«Сапалы жол» бағдарламасы шеңберінде мұндай сараптамалық бақылау  ұдайы жүргізілмек. Өңірдегі барлық жолдарды жөндеу жұмыстары назарда болады.