Балаларды қорғау күніне орай, БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қоры өкілдігінің ұйымдастыруымен онлайн режимде «Білім беру саласында инклюзияны және ерте жастан қолдау көрсетуді дамыту үшін мектептермен байланысты орнатуда ПМПК рөлі мен құралдарын зерделеу» зерттеу есебін растау бойынша онлайн кездесу өтті.
Online кездесу модераторы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің маманы А.К. Айтжанова болды. Қазақстандағы БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорының өкілі Артур ван Дизен, Балалар құқығын қорғау және білім беру ЮНИСЕФ бағдарламасының координаторы Адерихина Татьянаның алғысөзімен басталған онлайн кездесуге ҚР БҒМ МДОБК, ТП ҰҒПО, РПМПК, Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, білім басқармалары, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының Инклюзивті білім беру бағытындағы оқытушылары, ПМПК және ППКК өкілдері, жалпы 70-ке тарта маман қатысты.
Онлайн кездесудің мақсаты білім беру саласында инклюзияны және ерте жастан қолдау көрсетуді дамыту үшін мектепке дейінгі білім беру ұйымдары және орта мектептермен ПМПК байланыстарын нығайту бойынша зерттеу нәтижелері мен болашақтағы іс-әрекеттерді ұсыну және талқылау болды.
Іс-шара барысында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы вице-президенті А.К. Мухамедханова және Инклюзивті білім беру дамыту орталығының директоры С.К. Исмагулова талқыланып отырған мәселеге қатысты тиімді ұсыныстарын айтып, ой-пікірлерімен бөлісті.