• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Маусым, 2020

IKOMEK109: Үйде отырып оператор болудың жолы қандай?

423 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы үйден жұмыс істейтін оператор қызметіне қызметкерлер қабылдайтынын мәлімдеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

iKOMEK орталығы өз ұжымына елорданың дамуына бей-жай қарамайтын жауапты қызметкерлерді іздейді.

«Оператордың міндеттеріне елорда тыныс-тіршілігінің мәселелері бойынша қала тұрғындарынан келіп түсетін өтініштерді қабылдау, консультация беру, ақпараттық жүйеге тіркеу кіреді», – делінген iKOMEK PR қызметінің хабарламасында.

iKOMEK-те айтылғандай, оператор жұмысы толықтай цифрландырылған және басшылық онлайн режимде операторлардың өнімділігін қадағалай алады. Осылайша, қала тұрғындарына қызмет көрсетудің жоғары сапасы қамтамасыз етіледі. Орта есеппен операторлар сағатына 30-ға жуық өтініш қабылдайды.

«Коронавирус инфекциясының пандемиясы әлемді айтарлықтай өзгертті. Бүгінде әлемнің Facebook, Amazon, Alibaba, Microsoft және т.б. ірі компаниялары қашықтан жұмыс істеуге көшті. Бізде қызметкерлерді қашықтан жұмысқа тарту арқылы тұрғындарға сапалы қызмет көрсету мүмкіндігі бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыссыздарды белсенді түрде жұмысқа орналастыру туралы тапсырмасы аясында біз iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығына операторлар қабылдайтынымызды жарияладық», – дейді iKOMEК қалалық орталығының басшысы Жаннат Дүбірова.

iKOMEK кадрлық қызметінің мамандары атап өткендей, бірыңғай байланыс орталығы 24/7 режимінде жұмыс жасайды. Операторлар үшін «икемді жұмыс кестесі» бекітілген. Осылайша, үміткерлер үшін барынша ыңғайлы жұмыс кестесін қарастыру мүмкіндігі бар.

«Үміткерлердің техникалық жабдықталу деңгейін ерекше атап өткім келеді. Ол: тұрақты интернет, дербес компьютер немесе ноутбук, микрофоны бар гарнитура және жұмыс кезінде тыныштықты қамтамасыз ету», – деді Жаннат Дүбірова.

Толығырақ ақпарат алу үшін келесі байланыс деректері бойынша жүгінуге болады: +7 7172 917 222; m.tanzharyk@ikomekastana.kz.