• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әдебиет 01 Маусым, 2020

Шолохов творчествосы – суахили тілінде

365 рет
көрсетілді

Михаил Шолоховтың 1956 жылы соғыс тақырыбында жазған «Адам тағдыры» («Судьба человека») әңгімесі алғаш жарияланғанда оқырман санасын дүр сілкіндіріп, әлем әдебиетінде құбылыс саналған еді. Міне, енді араға ширек ғасырдан астам уақыт салып, осы әңгіме Танзания елінде жарық көріп отыр.

Суахили тіліндегі кітаптың көркем аудармасын Дар-эс-Саламдағы ресейлік ғылым және мәдениет орталығының қызметкерлері жасаған. Танзаниялық «Ndanda Mission press» баспасынан 1000 данамен басылып шыққан Шолохов шығармасын африкалықтар мектептер мен кітапханалардан оқи алады.

Айта кетейік, бұл бастама Ұлы Жеңістің 75 жылдығы һәм Шолоховтың туғанына 115 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

Бүгінге дейінгі алпыс жылдан астам уақыт ішінде «Адам тағдыры» француз, неміс, поляк, қытай, вьетнам, әзірбайжан және т.б. тілдерде жарияланған. Ресейдегі Кітап палатасының айтуынша, Шолохов творчествосы жалпы саны тоқсаннан аса тілге аударылып, 105 миллион тиражбен жарық көрген.