Шымкентте коронавирус жұқтырған әйел дені сау сәбиді дүниеге әкелді. Анадан балаға инфекция берілмес үшін қалалық перзентханадағы білікті мамандардан құралған дәрігерлік топ жүкті әйелді жұқпалы аурулар ауруханасындағы базасында кесір тілігі арқылы босандырып алған. 24 жастағы әйел салмағы 3500 келі қыз баласын дүниеге әкелді.
Жүкті әйелге сәтті ота жасап шыққан қалалық перзентхана мамандары: акушер-гинеколог Айгүл Асанбаева, Жарқынбек Данияров, реаниматолог Айжан Бейсенгирова, неонатолог дәрігері Ұлжан Қонысова, операциялық медбике Наргиза Заидова , анестезист Айнұр Тұрғанбекова және инфекциялық бақылау медбикесі Айгүл Қырықбаева .
Жаңа туған баладан барлық қажетті талдаулар алынып, COVID-19 тесті теріс нәтиже көрсеткен. Дені сау болып туылған сәби бірден қалалық перзентханадағы арнайы дайындалған жеке палатаға ауыстырылған. Жаңа туған сәбиді перзентхана қызметкерлері тәулік бойы бақылауға алып, барынша мейрімін төгуде.Ал коранавирус инфекциясына шалдыққан анасы жұқпалы аурулар ауруханасында емін жалғастыруда.