• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Маусым, 2020

Әскери институтта аттестациялық комиссия жұмысын бастады

107 рет
көрсетілді

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының 141 түлегі бір ай бойы мемлекеттік аттестациялық комиссияның қадағалауымен мемлекеттік емтихан тапсырады.

Мемлекеттік емтихан тапсыру 2 кезеңнен тұрады: біріншісі – теориялық, екіншісі – қару-жарақ пен әскери техниканы қолдану машықтығын көрсететін практикалық кезең. Сонымен қатар, жылдамдығын, икемділігін, күші мен шыдамдылығы сынды физикалық қасиеттерін тексеру үшін дене дайындығы негізгі пән ретінде енгізілген, деп РЭжБӘИИ баспасөз қызметі.

РЭжБӘИИ бастығы генерал-майор Асқар Мұстабековтың айтуынша, мемлекеттік қорытынды аттестацияның мақсаты – бітірушілердің біліктілік талаптарының деңгейі мен сапасын тексеру болып табылады.

Бітіруші курсанттар үшін бұл өте жауапты кезең. Емтихан барысында меңгерген мамандықтарына сәйкес теориялық және практикалық білімдерінің деңгейі тексеріледі, - деп атап өтті ол.

Мемлекеттік емтихандар аяқталған соң курсанттар диплом жобаларын қорғайды. 

Биылғы 2020 жылы РЭжБӘИИ 14-ші рет 141 түлегін 8 мамандық бойынша шығарып салмақ. Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты зенитті зымыранды, радиотехникалық әскерлері, әскерлер мен қару-жарақты автоматтандырылған басқару жүйелері инженерлері, байланыс әскерлері, авиацияны радиотехникалық қамтамасыз ету мамандықтары үшін білікті офицерлерді даярлайды.