• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Маусым, 2020

Маңғыстауда «Бастау-бизнес» оқыту курсы басталады

210 рет
көрсетілді

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Аманат Махмутов мәлімдеді.

Жұмыссыз азаматтарға қолдау көрсету мақсатында биыл «Еңбек» бағдарламасы бойынша Маңғыстау облысына 640 қайтарымсыз грант бөлінді. Оқуға көпбалалы отбасы немесе аз қамтылған жанұя мүшелері, оралмандар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар ( I, II топ мүгедектер). Бұл азаматтар курс оқымай-ақ тікелей бағдарламаға қатыса алады. Ал, жұмыссыз азаматтарға арнайы оқу қажет.

Соған байланысты облыста «Бастау бизнес» оқу гранты 10 маусым күні басталғалы жатыр. Оны алдын-ала жергілікті газет, әлеуметтік желілерге жарияланды. Оқуға тіркелу үшін аудандық, қалалық тұрғындар жергілікті  жұмыспен қамту орталықтарына хабарласып жолдама алулары қажет. «Бастау бизнес» бойынша оқу аяқталғаннан кейін грантқа қатысуға немесе төмен пайыздық  шағын несиеге алуға мүмкіндік бар. Атап айтар болсақ, ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 78 айға дейін 4 млн тг беріп жатыр. Тігін шеберханалары мен автокөлік жуу орталықтарына да 60 айға 6 млн тг несие беріліп отыр. Айта кетейік, несие алатын азаматтың міндетті түрде кепілдігі болу шарт.

Сол сияқты «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша да тың идеялары бар кәсіпкерлерді қолдауға гранттар қарастырылған. Биыл Маңғыстау облысында гранттарды күзге салым беру жоспарда бар. Грант қоры шамамен 2-5 млн тг аралығында беріледі. Өтініш беру үшін азаматтар жергілікті кәсіпкерлік бөліміне барады. Бұл грантқа барлық кәсіпкерлер қатысуға мүдделі.