• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Спорт 02 Маусым, 2020

«Фор­мула-1» маусымы шілдеде жалғасады

135 рет
көрсетілді

Уақытша үзіліске шыққан «Фор­мула-1» жарыстары шілде айынан бастап қайта өткізіле бастайды. Маусымның алғашқы жарысы Ауст­риядағы екі Гран-при бәсеке­сінен бастау алмақ.

Ұйым таратқан мәлімет бойынша Шпильбергтегі Red Bull Ring тасжолында 5 және 12 шілде күні өтетін автожа­рыс көрермендердің қатысуынсыз ұйым­дас­тырылмақ. «Формула-1» спортшылары және командалар Аустрияға кірерден бұрын коронавируске тест тапсырады. Сон­дай-ақ жарыс күндері командалар бөлек-бөлек қонақүйлерде орналасады.

22 кезеңнен тұратын Гран-придің биылғы маусымы 15 наурыз күні Мельбурнда басталуы керек еді. Осы аралықта коронавирус пандемиясына байланысты Аустралия, Нидерланд, Монако, Франция, Бахрейн, Қытай, Вьетнам, Испания, Әзербайжан және Канададағы жарыстар өтпейтін болды.