• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Маусым, 2020

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің атауы өзгереді

716 рет
көрсетілді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов халық алдындағы есеп беру кездесуінде айтты.

«Мемлекет басшысының тұрғын үй саясатын реформалау бойынша жаңа идеологияны енгізу туралы тапсырмасына сәйкес Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әкімдіктердегі қолданыстағы кезектілік жүйесін реформалауға және тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне есепке алу функцияларын бере отырып, барлық азаматтардың тұрғын үй алуға тең қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін «тұрғын үйге мұқтаж» ұғымының нақты өлшемдерін әзірлеуге ниетті», - деді министр.

Оның айтуынша, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің ребрендингін жүзеге асыру және оның базасында «бірінші тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығын» құра отырып, «Отбасы банкін» қайта атау ұсынылады.

«Ұсынылып отырған реформа әрбір жұмыс істейтін азамат баспана ала алатын тең және түсінікті жағдай жасауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті ведомство басшысы Б. Атамқұлов.