Газетіміздің 20 мамыр күнгі санында «Абайға аялдамадан ғана орын тиген бе?» деп жазған едік.
Шағын мақалада облыс орталығындағы Лермонтов атындағы орталық көше бойындағы жөнделмеген аялдамалардың бірінде қоқыс салғышқа қаратып Абай атамыздың суреті салынғаны, іші-сыртында ұлы ақынның суреттері, нақыл сөздері жазылғаны туралы жазғанымыз оқырманның есінде болар.
Абайдың 175 жылдығына орай «рухани жарнамаға» тапсырыс берген қалалық әкімдік, ішкі саясат бөлімі қызметкерлерінің орашолақтығына таңғаласың, Абай – білгенге маржан, білмеске арзан деген едік онда біз.
Кеше Павлодар қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нәйла Ахметова хабарласып, Абайдың суреттері, нақыл сөздері аялдамадан алынып тасталғанын хабарлады.
Облыс әкімдігі біздің мақалаға назар аударып, қалалық әкімдікке аялдамада тұрған «жарнамаларыңда кімді мазақ еткенсіңдер» демесе, әлі де солай тұра берер ме еді, кім білсін?!
Павлодар