• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Маусым, 2020

«Biz birgemiz» акциясы мәресіне жетті

546 рет
көрсетілді

Наурызда басталған қайырымдылық акциясы аясында ел волонтерлері 3 ай бойы төтенше жағдай салдарынан қолдауға мұқтаж болған азаматтарға көмектесіп келді. Мақтааралдағы табиғи апаттан зардап шеккен ағайынға да жәрдем беріліп, республика бойынша 500 мыңнан астам отбасыға көмек көрсетілген жобаға нүкте қойылды.

Мұқтаж жандарға атаулы әлеуметтік көмек, азаматтарға қолдау көрсетуді мақсат еткен акция  коронавирус пандемиясы салдарынан елімізде төтенше жағдай режімі енгізілуіне байланысты 16 наурыздан бастап Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тап­сырмасымен құрылып, жұмысын үйлестіру  Nur Otan партиясына жүктелді.

Нәтижеге келер болсақ,  Елбасының бас­та­масымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қо­рына 24 млрд теңгеден астам қаржы түсіп,  әлеуметтік жағдайы төмен 362 мың отбасыға 50 000 теңге көлемінде бір реттік қаржылай көмек берілді. Оған қоса әр түрлі өңірдегі 236 мың­нан астам отбасыға азық-түлік себеттері мен гигиеналық заттар жеткізілді.

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қа­ла­ларында 100 мың отбасыға 5 миллион дана ме­дициналық маска үлестіріліп, 3000 жалғыз­басты қарт күнделікті ыстық тағаммен қамта­ма­сыз етілді.

«Biz birgemiz» акциясына жасотандықтар бастамасымен республика бойынша 5 мыңнан астам волонтер көмек қолын созды. 

Биыл 2 мамыр күні Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы елді мекендерді су басуына байланысты аймақта төтенше жағдай жарияланып, оған да аталған акция шеңберінде волонтерлер жұмылдырылды. Су басу салдарынан 31 мыңнан астам аудан тұрғыны қауіпсіз орталықтарға эвакуацияланды.

Nur Otan партиясы мен Jas Otan Жастар қанатының қалалық және облыстық филиал­да­рында гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ашылды. Партия тарапынан елордадан 40 тонна гуманитарлық көмек жолданды.  «Мақтаарал, Birgemiz» волонтерлер штабы құрылып, оған барлығы 500-ден астам волонтер жұмылдырылды», дейді Jas Otan Жастар қанатының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев.

Акция барысында рухани құндылықтар да ұмыт қалған жоқ. Мамыр айының 18-22 аралығында Jas Otan Жастар қанатының белсенділеріне түрлі тақырыпта 17 түрлі онлайн сессия өткізілді. Жастар бірнеше күн бойы тайм менеджмент, волонтерлік негіздері, онлайн іс-шаралар өткізу бойынша дәріс тыңдап, пікір алмас­ты. Онлайн сессияларға 550 волонтер қатысты.

«Жалпы, аталған акция елдегі волонтерлікті дамытуға зор үлес қосып, жастарға еріктілік мәдениетін қалыпастыру мен көмек көрсетудің маңыздылығын көрсеткендей болды. Жаста­ры­мыз «Волонтер жылы» аясында сөзден іске кі­рі­сіп, біліктілігін де, білімін де арттыруға мүм­кіндік алды. Талай отбасыға қолдау біл­ді­рі­ліп, қарттарымызға көмек көрсетілді», деп түйіндеді сөзін Е.Бейсенбаев.