Тізімге СТ КЗ сертификаттары мен индустриялдық сертификаттары бар 512 алматылық компания және 12 мыңнан астам тауар түрлері енген. Сондай-ақ, оңтүстік астананың әрбір отандық тауар өндірушісі өз деректерін, тізілімге енгізу мүмкіндігіне ие бола алады.
Аталмыш жобаны Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен отындық тауар өндірушілерді қолдауы мақсатында жүзеге асырды.
«Енгізілген төтенше жағдай режимі мен карантин - экономиканың басты трендінің бірі болып саналды. Бұл жоба - бұл жолдағы тағы бір басты қадам», - деп айтты Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов өз сөзінде.
Тіркеу қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр. Оны https://almaty.infokazakhstan.kz/ сайтының басты бетіндегі Алматы қаласы отандық тауар өндірушілер бөлімінен көруге болады.
«Енді барлық іздеушілер, әсіресе мердігерлер, бюджеттік бағдарлама әкімшілері тізілімде саланы немесе нақты тауарлық позициясын көрсету арқылы қажетті өндірушіні оңай таба алатын болады. Айта кету керек, жақын арада тізілімдегі әрбір кәсіпкер өз мәліметтерін өңдеуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар, өз компаниясын осы базаға енгізгісі келетін кәсіпкерлерге де бұл қолжетімді болады», - деп атап өтті Нариман Әбілшайықов.