• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Маусым, 2020

Терминологиялық сөздіктер жасау тәжірибесі жөнінде онлайн-конференция өтеді

358 рет
көрсетілді

Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 5-маусымда сағат 15.00-де termincom.kz сайтының youtube каналында «Терминологиялық сөздіктер жасаудың отандық және халықаралық тәжірибесі» тақырыбында онлайн-конференция өткізеді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Қазақ тілінің ғылым саласындағы қолданысын нығайтуда сапалы терминологиялық сөздіктердің алатын орны ерекше.

Сол себепті терминологиялық сөздіктер жасауға, оларды жасаудың əдістемесін жетілдіруге аса мəн берген жөн. Аталған іс-шара терминологиялық сөздіктер жасаудың отандық және халықаралық тәжірибесін талдауға, соның негізінде терминология сөздік жасаудың негізгі талаптарын анықтауға бағытталған.

Онлайн-конференцияда филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Сәбира Исақова терминологиялық сөздік жасаудың отандық және халықаралық тәжірибесіне тоқталатын болады.