Биыл аймақта 192 оқушы мектеп қабырғасын «Алтын белгімен» бітіріп шықты. Бүгін облыс мектептерінде түлектердің қолына білім аттестаттарын табыс ету рәсімі өтіп, ұстаздар қауымы үлкен өмірге аяқ басқан шәкірттерінің қадамына құт тіледі. Мәселен, Қостанайдағы №28 мектеп-гимназиясын биыл тұңғыш рет 20 оқушы тәмамдап шықты.
– Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі қалатыны анық. Ең алғашқы оқу жылы аяқталып, біздің мектебіміздің 20 түлегі жаңа өмірге аяқ басқалы тұр. Тарыдай болып кірген білім ордаларыңнан, тудай болып қанат қағып барасыздар. Сіздерге тілерім, қанаттарың талмасын. 11 жыл бойы алған білімнің жемісін көріп, әрдайым биік шындардан көрініп, еліміздің елеулі азаматтары болуларыңызға тілектеспін. Ардақты ата-аналарға мектеп бітіруші ұл-қыздарыңыз білікті маман иесі атансын деген тілек білдіремін. Ұстаздар қауымына да келер жылға табыс тілегім келеді, – дедім мектеп директоры Айгүл Қазиева.
Жиын барысында мектеп бітірушілер өздерінің ұстаздарына деген ақжарма тілегін арнап, әннен шашу шашты. Сондай-ақ, мектептегі «Жас сарбаз» ұйымының түлектері әскери қойылым көрсетті.
Салтанатты жиын барысында мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Жансая Исмайлова мектеп басшысының бұйрығымен таныстырып, оқушыларға 11 сынып оқушыларының жалпы орта білім курсын аяқтау туралы аттестатын табыстады.
Салтанатты жиын барысында карантин талаптары қатаң сақталды.
Қостанай облысы