• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Маусым, 2020

Қостанай облысында балық аулауға шыққан зейнеткер суға кетті

183 рет
көрсетілді

Федоров ауданына  қарасты Владыкин ауылының 65 жастағы тұрғыны сол маңдағы «Три девицы» деп аталатын көлге темір қайық мініп балық аулауға шыққан.

Куәгерлердің айтуынша, балықтың уылдырық шашу маусымында ау құрған зейнеткердің қайығында жеке құтқару құралы болмаған. 

- Зейнеткердің жоғалғаны туралы хабар Федоров ауданының ТЖ бөліміне 2 маусым күні сағат 19:36-да келіп түсті. Оқиға орнына жергілікті ТЖ құтқарушылары мен жедел-тергеу тобы шықты. 3 маусымда сағат 02:30-да суға кеткен адамның денесі табылды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, сот-медициналық сараптама тағайындалды. 25 мамырдан бастап құтқарушылар күшейтілген қызметке көшті. Күн сайын алдын алу жұмыстары барысында су айдындарында, қоғамдық орындарда, тұрғын үй секторында, орман-дала алқаптарында рейдтер ұйымдастырылып, тұрғындарға нұсқаулық парақшалар таратылып жатыр, - деп хабарлады төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметі.

Қостанай облысы