• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 04 Маусым, 2020

Ақмолалық боксшы қыздар дайындық үстінде

568 рет
көрсетілді

Жергілікті қыздар құрамасы ел чемпионатына қатысады. Бұл күні  бұрымды боксшылар қызу дайындық үстінде. Айтулы бәсеке қыркүйек айында Алматы шаһарында өтеді деп жоспарланған. 10 салмақ дәрежесінде өтетін жарыста облыстың намысын 5 боксшы  қорғайды.

Карина Ибрагимова белгілі боксшы. Ол әлемдік жарыстардың жүлдегері. Қазақстан чемпионатының да бірнеше дүркін жеңімпазы. Басты мақсаты ел чемпионатында жеңіс тұғырына көтеріліп, олимпиада ойындарына қатысу.

–Мен 60 келі салмақта сынға түсем. Бұл олимпиадалық салмақ. Бірақ та алда өтетін олимпиада ойындарына осы салмақта әлі ешкім жолдама алған жоқ. Сондықтан, осы ел чемпионатында барымды салам. Себебі, осы жарыста жеңіске жетсем, олимпиада ойындарына жолдама беретін жарысқа қатыса алам,–дейді бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері Карина Ибрагимова.

Төтенше жағдай режимі кезінде де боксшы қыздар өз дайындықтарын тоқтатқан жоқ. Олар ашық аспан астындағы спорт кешендерінде  жаттыққан. Ал, осы аптадан бастап спортзалдарына қайта оралды. Енді бапкердің бақылауымен дайындық жұмысарын пысықтауда.

–Жарысқа қатысатын бұл қыздардың барлығы ұлттық құраманың сапында жүргендер. Тек ауыр салмақтағы боксшымыз осындай жарысқа алғашқы рет қатысқалы жатыр. Қыздардың барлығы арнайы іріктеуден өтті. 8 маусым күні боксшылар Алматыға барып, дайындық жұмыстарын сол жатқа жалғастырады,–дейді бокстан облыстық қыздар құрамасының аға жаттықтырушысы Александр Высоцкий.

Иә, 5 аруға артар сенім мол. Айта кету керек, қазіргі таңда боксқа қызыққан бұрымдылар қатары көбейіп келеді. Оның айқын дәлелі, бастапқы кезде қыздар бокс клубы тек облыс орталығында ғана болса, қазірргі таңда Жақсы, Бурабай аудандары мен Степногорск қаласында да ашылған. Бұл орталықтар болашақ бокс чемпиондарын түлетуге септігін тигізеді.