Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады. Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында жазды.
- Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын! Елтаңба, Ту, Әнұран – Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі, бейбітшіліктің, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі. Біз халқымыздың мүддесін қорғайтын күшті, беделді мемлекет құру жолында биік белестерге бірге жетеміз, - деп жазды Президент.