• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Маусым, 2020

Атырау: Газ құю стансасында автоцистерна жарылды

3339 рет
көрсетілді

Бүгін  қаладағы газ құю стансасында оқыс оқиға болды. Жергілікті уақытпен сағат 08:20 шамасында «ПромГаз» ЖШС-нің Атамбаев көшесінде орналасқан газ құю стансасында 50 текше метрлік автоцистерна жарылды. Іле-шала өрт тұтанды.

«Жарылыстан бір адам зардап шекті. Оның аты-жөні анықталуда. Өртті сөндіруге 16 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды. Оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр», - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаментінен.