• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Маусым, 2020

Атыраулық кәсіпкерлер базарлар мен сауда орындарын ашуды сұрады

448 рет
көрсетілді

Жылыой ауданының орталығы –Құлсары қаласында  шағын және орта кәсіпкерлік өкілдері жергілікті әкімдіктің алдына жиналды. Олардың  талабы – базарлар мен сауда орындарын ашу.

Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұған  Жылыой ауданның бас санитарлық дәрігері Т.Хабибуллиннің қаулысына сәйкес, мұнда карантиннің  18 маусымға дейін созылуы себеп болып отыр.  Аталған қаулыға сай, азық-түлік  сатпайтын сауда орындары мен базарлардың жұмыс істеуіне рұқсат берілмеген еді.

–Өйткені, соңғы мәліметтер бойынша Жылыой ауданы аумағында орналасқан Теңіз кен орнында  коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1013 жағдайы тіркелсе, елді мекендерде 43 дерек анықталды. Оның 33-і Құлсары қаласынан шықты. Бұл науқастардың екеуі  қайтыс болды, -деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Кәсіпкерлермен мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері, Жылыой  ауданының әкімі мен ауданның бас санитарлық дәрігері кездесті. Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің тапсырмасымен Құлсары қаласына облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев аттанып кетті.