• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 06 Маусым, 2020

Бүгін еліміздің батысы мен шығысында жаңбыр жауады

350 рет
көрсетілді

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты 6 маусым күні еліміздің батысы мен шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жекелеген аумақтарда дауыл, бұршақ болжанады. Қазақстанның қалған аумағы әлі де жоғары атмосфералық қысым аймағында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жекелеген өңірлерде жел күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауылмен сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің екпіні 25 м/с күшейеді. Түнде - тұман, күндіз бұршақ жаууы ықтимал, кей жерлерінде дауыл күтіледі.

Түркістан облысының кей жерлерінде желдің күші 25 м/с артып, шаңды дауыл тұрады. Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, түнде Атырау, күндіз Павлодар облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с күшпен жел соғады. Қызылорда, күндіз Атырау облыстарында шаңды дауыл көтеріледі.

Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Түркістан, Қарағанды, Алматы, Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.