• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Маусым, 2020

Қазақстанға темекінің ірі партиясын заңсыз кіргізбек болған

291 рет
көрсетілді

5 маусымда Қазақстан шекарашылары  «Жаңа жол» автомобиль пунктінде (Солтүстік Қазақстан облысы) Қазақстанға темекінің ірі партиясын (15 000 пачка) кіргізбек болған қылмыстың жолын кесті. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Ұйымдастырушылар заңсыз кіргізу үшін темекіні «СDEK» почталық компаниясы жүгінің астына жасырған. Темекіге құжаттар мен акциз маркалары болмады.

Ұсталған темекі партиясы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырылды. Осы өткізу пунктінде акциз маркалары жоқ темекіні өткізуге оқталғандардың бірнеше мәрте жолы кесілгенін атап өту керек.