• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Маусым, 2020

Екібастұз: Музыка мектебінде 200-ге жуық ән қоры сақталған

683 рет
көрсетілді

Мектеп директоры Медғат Манаповтың айтуынша, мектепте балаларға қосымша білім беру негізінде халықтық, эстрадалық, классикалық бағытта 14 мамандық бойынша оқыту жүргізіледі.

Заманауи үлгідегі акустикалық ерекшелігі сақталған кабинеттер - 300 орындық үлкен зал мен 40 орындық кіші зал, жеке және топтық сабақтарға арналған кабинеттер бар. Соңғы екі жылда 15 жас музыкант маман келген. Жас мұғалім Дінислам Төлбаев оқушылар үшін музыкалық әдебиет пәндері бойынша арнайы жоба әзірлеген.

Бұл жоба онлайн тестілеумен байланысты. Оқушылар әрбір сабақ бойынша жаңа тақырыптан кейін тестілеуден сұраққа жауап беріп, баға қойылады және қатемен жұмыс жүргізіледі. Оқушылар туралы барлық мәлімет педагогтың компьютерінде сақталады.

Ал екіншісі-WhatsApp арқылы әрбір топқа сілтеме жіберіледі. Оқушылар әрбір үлгіні тыңдап шығады. Платформада музыкалық викторина ұйымдастырылады. Сондай-ақ, мектепте «Ұлы даланың жеті қыры», «Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы», «Ұлы даланың әуені» мектептің бағдарламасы бойынша сабақтар  өтеді.

Фольклор кабинеті «Рухани жаңғыру» «Ұлы дала әуені» дала фольклорының 1000 жылдығы аясынды ашылған. Мұнда 200-ге жуық ән қоры сақталған. Қорда  тұрмыс-салт әндері, Кенжеғали Мыржақбайдың Абай әндеріне жазған, Күләш Байсейітова, Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова сияқты  әншілерінің аудиожазбалары сақталған. Бұл қорды кез келген оқушы мен оқытушы, қаладағы музыка зерттеуші, ғылыми жұмыспен айналысатын оқушылар пайдалана алады. Сонымен қатар қордағы 1939 жылы жазылған Дина Нұрпейісованың күйінің оригиналын тыңдауға болады.   

Абайдың 175 жылдығы, Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Алтын Орданың 750 жылдығына арналған іс шаралар жоспары әзірленуде. Жуырда «Дала фольклоры» аясында фолькор ансамблі құрылып, киім тігілді және реперутар таңдалған.

 

 

Екібастұз қаласы