• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Маусым, 2020

Солтүстік Қазақстанда 26 армениялық автокөлік тіркелді

275 рет
көрсетілді

2020 жылғы 1 ақпанға дейін Армениядан әкелінген автокөліктерді тіркеу демалыс күндері де жалғасып жатыр. Алты күнде Солтүстік Қазақстан облысында 26 темір тұлпар республикаға тіркеуге қойылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Сенбі және жексенбі күндері Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында облыстық Полиция департаментінің қызметкерлері армениялық көліктерін тіркеуге қойғалы жүрген азаматтарға кеңестерін беріп, тіркеу жұмыстарын жүргізеді. СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Жасұлан Оспановтың айтуынша, көліктерін тіркеуге келген азаматтардың көпшілігі – петропавлдықтар, ал сегіз адам облыс аудандарынан келіпті. Сенбі күні Ақжар ауданының тұрғыны демалыс күнін пайдаланып, көлігін тіркету үшін облыс орталығына келіпті. Ерболат Балтин 2008 жылы жасап шығарылған «Тoyota Camry» автокөлігін өткен жылдың күзінде айдап әкелген.

– Бұл жағдай үшін біраз алаңдауға тура келді. Мәселе шешіліп, жеңілдіктер жасалды. Енді өз көлігіммен еркін жүре аламын, – дейді көлік иесі.

Естеріңізге сала кетейік, Армениялық көліктерді тізгіндеп жүрген қазақстандықтар 2020 жылғы 1 маусым мен 30 қыркүйек аралығында шетелдік көліктерін тіркей алады. Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаментінде қауырт желі телефондары жұмыс істейді (32-00-19, 32-00-22, 8-776-297-84-32). Тұрғындар көлікті тіреуге байланысты сұрақтарымен осы нөмірлер бойынша кеңес ала алады.

– 2020 жылғы 1 ақпанға дейін Қазақстанға енгізілген, басқару рөлі сол жақта орналасқан және Арменияда біздің елдің азаматтарына тіркелген автокөліктер тіркеуге қойылады. Ресімдеу құны 11 946 теңгені құрайды. Бұған тіркеу үшін төлем, көлік құралының тіркелу куәлігі мен мемлекеттік тіркеу нөмірі үшін мемлекеттік баж салығы кіреді, – деді Жасұлан Оспанов.