• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан 07 Маусым, 2020

Атырау: Күйік шалған жүргізуші қайтыс болды

923 рет
көрсетілді

Бұрнағы күні, 5 маусымда газ құю стансасында автоцистерна жарылып, төрт адам ауруханаға түскен еді. Соның ішінде денесінің 90 процентін күйік шалған жүргізушінің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Жүргізуші кеше өмірден озды.

Газ таситын көліктің  жүргізушісі облыс орталығына  отбасымен Құрманғазы ауданынан көшіп келген екен. Отбасында төрт баласы бар. Әйелінің  бесінші балаға аяғы ауыр. Бұл отбасының қалада  басыбайлы баспанасы жоқ. Сол себептен,  үй жалдап тұрыпты.

Әзірге жарылыстан зардап шеккен  тағы үш адамның –жанар-жағар май құюшы мен екі өрт сөндірушінің жағдайы туралы айтылған жоқ.