• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Коронавирус 08 Маусым, 2020

Көліктен шықпай тест тапсыруға бола ма?

161 рет
көрсетілді

Елордалықтар көліктен шықпай-ақ коронавирусқа тесттен өте алады. Тест алуға 3-5 минут уақыт кетеді. Бұл тура­лы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады. Елордада коронавирус инфекциясын анықтау үшін мобильді скрининг диагностикасы пайда болды. Зертхана №2 Қалалық көпбейінді аурухана базасында іске қосылды. Скрининг орталығының ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мен қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова қатысты.

«Мақсат – қаланың барлық азаматтарын тексеріп, инфекция жұқтырмағанына көз жеткізу. Сонымен қатар күн сайын 6 зертханада 4 500 талдау жасалады. Жалпы, қалада материал жинаумен айналысатын мемлекеттік және жеке зертханалар бар. Орталық та ыңғайлы орналасқан. Аза­маттар әуежайға келгеннен кейін тест тапсыра алады. Ав­­токөліктерге арналған тұ­рақтар жеткілікті», деді Бақ­тияр Мәкен.

Қала әкімі орынбасарының айтуынша, болашақта жоба қаланың басқа да бөліктерінде ашылуы мүмкін.

Мобильді орталық күніне 100-ден астам тест алуға қа­бі­летті. Процедура тек 3-5 минут алады. Сондай-ақ мамандар атап өткендей, бұл әдіс барлық автокөлік үшін ыңғайлы және ешқандай ке­зекті қажет етпейді. Тест құ­ны – 10 мың теңге.

Тест тапсырушы эпи­де­­мия­лық факторлар мен симп­томдарға қатысты жеке ақпа­раттар көрсетілген сауал­нама толтырады. Кабинада дене тем­пературасы жанасусыз термометр көмегімен өл­шенеді. Нәтиже 6 сағат ішінде белгілі болады. Тест тапсырушы өз нәтижесін электронды пош­та немесе Whatsapp нөмірі ар­қылы ала алады.

Тест тапсырушы COVID-19-ға күдікті болған жағ­дай­да мамандандырылған ауруха­наға ауыстырылады.

Мобильді скрининг орта­лығы 08.00-ден 20.00-ге дейін демалыссыз жұ­мыс істейді. Ол «MEGA Silk way» сауда орталығы аума­ғында, яғни №2 аурухана мен «MEGA Silk way» сауда орталығы ара­сында орналасқан.

Сарапшылардың пікірін­ше, Нұр-Сұлтан қаласында осындай пункттің ашылуы тұр­­ғындар арасында аурудың жасырын ошақтарын анықтап, асқынулардың алдын алу үшін уақтылы санитарлық-эпи­демиялық және алдын-алу шараларын жүргізуге мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, ел­ордада коронавирусқа жедел және жоғары дәлдіктегі ПТР-скрининг жүргізу үшін бірінші модульдік зертханалық кешен іске қо­сыл­­ды. Болат Өтемұратов қоры Денсаулық сақтау ми­нис­т­рлігі мен Нұр-Сұлтан қа­ласы әкімдігіне ғы­­лыми-зерттеу процесін ав­то­маттандыратын бірегей зертхананы сыйға тартты.

Зертханада мынадай са­­наттағы тұлғалар үшін те­­гін скрининг жүргізеді: жұ­мыс­сыздар, аз қамтылған жә­­не көпбалалы отбасылар, мү­гедектігі бар адамдар, ста­цио­нарға жоспарлы емдеуге жатқызылатын пациенттер, тыныс алу органдары, эн­докриндік және жүрек-қан­тамыр жүйелері ауруларымен динамикалық бақылауда тұр­ған 50 жастан асқан пациент­тер; эпидемияға қарсы іс-ша­раларға тартылған арнайы контингент – волонтер­лер мен белсенділер, патрульдер; қарттар үйлеріндегі, ин­­­тернаттық және өзге де ма­мандандырылған мекеме­лер­дегі азаматтар; мектепке де­йінгі мекемелердің қызмет­керлері.