әсілділердің наразылығы басылар емес. Демалыс күндері үлкен штаттардан бөлек, кішкентай қалашықтың тұрғындары да көшеге шықты. Наразылықтың екінші онкүндігі жүріп жатыр.
Миннеаполис штатының тұрғыны Джорд Флойд полиция қолынан қаза тапқаннан кейін басталған толқулар әлі тыншымай тұр. Нью-Йорк, Сиетл сияқты үлкен қалалардың қатарына Видор, Техас, Харв, Морион, Огайо сияқты кішігірім қалашықтар қосылды. Наразылар мемлекеттегі нәсілдік кемсітушілік мен әділетсіздікке наразылығын білдіруде.
Наразылық жай қарсылықтармен тоқтамай, халықтың үлкен дүкендерді тонауына ұласты. Азаматтар қала орталығындағы дүкендерге басып кіріп, қалағанын алып шығуда. АҚШ үкіметі мұны арандатушылар ұйымдастырып отыр дейді. Сонымен қатар бұл әрекеттер коронавирус пандемиясы салдарынан қабылданған жаңа ережелерді бұзып отыр. Елдегі қашықтан жұмыс істеу, мектептер мен университеттерді онлайн режімге көшіру сияқты сақтық шараларын ығыстырды.
Джордж Флойд туған Солтүстік Каролина штатында марқұмға арналған мемориалды тақта орнатылып, тағзым етуге күн сайын мыңдаған адам жиналады. Вашингтондағы қарсылықтар күшейе түсті. Көшедегілер «Елдің бас қаласын басып алсақ, басқа штаттарды күйрету ештеңе емес. Бұдан ешкім аман қалмайды. Полиция Америка азаматтарына әділетсіздік көрсетпеуі керек», деп мәлімдеді.
Ал наразыларды тыңдауға шыққан Миннеаполис штатының мэрі Джейкоб Фрейдті халық «Ұят! Джейкоб, үйіне қайт» деп алаңнан қуды. 38 жастағы қала басшысы 2018 жылы тұрғындарға халық пен полиция арасындағы қарым-қатынасты дұрыстаймын деп сөз берген екен. БАҚ елдегі жағдайдың қорқынышты фильмдердегі кейіпке енгенін жазады.
Дүйсенбіде Ақ үй маңындағы Лафайет алаңына жиналғандарды полиция резеңке оқпен атып, көзден жас ағызатын газ қолданған болатын. Халық мұндай әрекетке ашуланып, полиция көліктерін, үйлерді қиратуға көшті. Наразылық бойынша сарапшы, Ұлыбритания университетінің профессоры Мишель Хамильтон полицияның бұл әрекеті жақсылыққа апармайтынын, құқық қорғау органдарының қызметкері сақтыққа жауап беруі керек екенін айтады.