Мұнайлы шаһардан Шымкент қаласына қатынайтын әуе рейсін ашу жоспарланып отыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сүйенсек, алғашқы кезекте арнайы рейс «Атырау-Шымкент» және «Шымкент-Атырау» бағытында қатынайды.
– Екі қала арасындағы әуе тасымалын қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы жүзеге асырады деп күтілуде. Өйткені, Атырау облысы әкімдігінің бастамасымен «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ мен FlyArystan авиакомпаниясы арасында келіссөз басталды. Мақсат –жолаушыларды қолжетімді авиабилетпен қамтамасыз ету, - деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қазір тараптар келісімді талқылап жатыр. Жақын арада Атырау қаласынан тұрақты жолаушылар рейсін бастау жөнінде келісімшартқа қол қойылмақ.
Атырау