• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Маусым, 2020

Құл сатушының ескерткіші құлатылды

290 рет
көрсетілді

Американың Миннеаполис қаласында орын алған афроамерикалық азамат Джордж Флойд қазасынан кейін АҚШ-та басталған назарылық шеруі Ұлыбритания қатарлы Еуропа елдерінде жалғасын табуда.

Кеше қарт құрлықтың Бристол қаласының қарапайым тұрғындары шеру барысында ХVІІ ғасырда әлемде жойдасыз өрістеген құл саудасын жүргізуші, ағылшын көпесі, меценат Эдвард Колстонның (1636-1721) ескерткішін құлатып, оны өзенге батырып жіберді.  

Бұл ескерткіш 1895 жылы тұрғызылған екен. Соңғы жылдары Э.Колстонның тіріде атқарған іс әрекеті қоғам тарапынан ауыр сынға ұшырып, тіпті өткен жылдары оның мүсінін алып тастау жайлы қаланың 11 мың тұрғыны қол қойған наразылық хат қала мэріне табысталған болатын.

Өйткені, бұл адам сол заманында, яғни 1672-1689 жылдары Африка құрлығынан 100 мыңдаған қара нәсілді адамдарды Америкаға алып барып құлдыққа сатқан. Онымен қоймай тірі тауарлардың кеудесіне өз компаниясының сауда белгісі RAC деген таңба басатын болған.

Құлдарды құрлық асырып тасымалдау кезінде аштық пен ауру салдарынан 20 мың адам қаза тапқаны жайлы дерек айталады.

Бұл адам құл саудасынан түскен ақшаға Бристол қаласына үлкен концерт танхимын тұрғызып, оған өз есімін бергізген екен. 2017 жылы бұл мәдени нысаннан оның аты алынып тасталған еді. Енді міне, 125 жылдан кейін ескерткіші құлатылды. Тарих қателікті кешпейді деген осы шығар.