• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Маусым, 2020

Жетпіс миллион желге ұшты

200 рет
көрсетілді

Мұның алдындағы жылдарда Ақтөбе қаласында жергілікті атқарушы билік өкілдері тарапынан: Биылғы көктемде пәленбай мың түп тал егілді деген сыңайдағы баяғы кеңестік кезеңдегі секілді лепірме сөздер мен ұрандар жиі естілетін. Әйтсе де кейін сол ағаштардың жәй-күйі қандай болғандығы жөніндегі ақпараттар мүлдем айтылмайтын. Балапанды күзде санайтыны секілді отырғызылған көшеттердің саны қурап қалмай, бой жазып өскен ағаштардың санымен өлшенсе, әлдеқайда әділетті болар ма еді?

Бұл қорғақ сөздер тек көз алдау, уақытша ұпай, арзан бедел жинау үшін ғана айтылатыны белгілі болып отыр. Мұндай тұжырым жасауымызға Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы жүргізген аудиттік тексерулер барысы басты негіз қалай алады.

Атап айтқанда бұл жөнінде анықталған нақты деректерге сүйенсек, өткен жылы Ақтөбе қаласында отырғызылған мың көшеттің тоқсан пайызы көктей солып қурап қалған екен. Өз кезегінде бұл істі атқаруға жергілікті бюджеттен 71,4 миллион теңге бөлінгенін ескерсек, табаны күректей осы қомақты қаражаттың басым бөлігі желге ұшып кетті деуге әбден болады.