• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 08 Маусым, 2020

Жапониядағы шетелдік мектептер компьютермен қамтылады

309 рет
көрсетілді

Жапония үкіметі коронавирус індетінің әлемде бәсеңдеу белгілерінің байқалмайтындығын ескере отырып,  шетелдік жапон мектептері оқушыларының онлайн режімде оқуын жалғастыруы үшін жеке компьютерлерді көбірек жеткізуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Білім министрлігі Жапонияның шетелдегі бастауыш және орта мектептеріндегі әрбір оқушыны компьютерге қол жетімділікпен қамтамасыз етуге ниетті. Шетелдік жапон мектептеріндегі 12000 оқушы мен оқытушыға жаңа компьютерлер немесе Министрлік 2020 жылы бюджет жобасына 500 миллион иен (4,6 миллион доллар) бөліп отыр. Егер мектеп 50-ден астам компьютер қоюды жоспарласа, мемлекет ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы мамандарды жібереді әрі шығындардың жартысын төлейді.