• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Маусым, 2020

Базардағылар тым бейқам

207 рет
көрсетілді

Коронавирус індетінің таралуына байланысты елімізде ен­гі­зіл­ген төтенше жағдайға орай Жамбыл облысындағы сау­да орындары, базарлар өз жұмысын тоқтатқан болатын. Әсіресе Тараз қаласындағы сауда нүктелеріне бақы­лау жұ­мыс­тары күшейтілді. Жуырда жазғы қоғамдық т­амақ­та­ну орындары, шаштараз, сұлулық салоны, кейбір сауда нүктелері сияқты бірқатар нысанға жұмысын бастауға рұқсат берілген еді. Алайда карантин режімін қатаң сақтау, тұр­ғындардың қауіпсіздігін мейлінше қамтамасыз етуге тиіс болатын. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде көптеген ны­санда қауіпсіздік ережелері сақталмағаны анықталды.

Қаладағы Бауыржан Мо­мыш­­ұлы көшесінің бойында орна­ласқан сауда орындарына рейд жүргізіліп, зерделеу жұ­­мыстарының нәтижесінде көп­­теген жағдайда карантин та­лап­тары сақталмаған болып шық­ты. Карантин талаптарын сақ­тамаған азаматтарға қалалық әкімдік тарапынан хаттама тол­ты­­рылып, заң аясында шара қол­да­нылды.

Сол сияқты «Мыңбұлақ», «Диана», «Айрылмас», «За­рина» және «Гаухар» сауда орта­лық­тарына да рейд жасалып, мұнда да карантин талаптарын сақтамаған азаматтар әшкереленді. Яғни сауда жасауда негізгі талаптар сақталмаған.

Қазір өңірдегі блок-бекет­тер алынып, бірқатар сауда нүк­те­ле­ріне жұмыс істеуге рұқсат бе­ріл­ді. Облыстағы ең үлкен сауда нысаны болып саналатын Тараз қаласындағы «Ауыл – Береке» базарындағы жеміс-көк­өністердің, құ­ры­лыс материалда­ры мен ауыл­ша­руа­шы­лық өнімдерінің көтерме сау­да секторы да жұмыс істеп тұр. Дегенмен рұқсат берілген сауда нүктелерінде де карантин талаптары, жалпы қауіпсіздік та­лап­тары толық сақталмай отыр.

Жуырда облыс әкімі Берді­бек Сапарбаев аталған базар аума­ғында болып, бірқатар ма­ңыз­ды мәселелерге тоқталған бо­латын. Осы уақытқа дейін әкім базар аумағын ретке кел­­­тіруді, сауда орындарын жақ­­­сартуды, ыңғайлы жағ­дай жасау мәселелеріне назар аударуды тапсырғанымен, бү­­­гінге дейін бұл нұсқаулар то­­л­ығ­ымен орындалмаған. Б.Сапарбаев базарда жайлы сау­да павильондарының жоқ­ты­ғын, тіпті кейбір сату­шы­лар­­дың жерде сауда жасап отыр­­ғанын, оған қоса көлік құ­рал­­дарының базардағы ретсіз қозға­лысы өрт қаупін тудыратынын айтып, базар жұмысын сынға алған еді. «Санитарлық-эпидемиялық талаптардың сақ­тал­уы да ойдағыдай емес. Са­ту­шылар да, сатып алушылар да бетперде кимейді. Адам­дар арасындағы әлеуметтік ара­қа­шықтық сақталмайтынын кө­ріп отырмыз. Нарық қыз­мет­­керлері азық-түліктік емес сектордағы жұмысты қайта бас­тауды сұрауда. Алайда базар әкімшілігі қажетті санитарлық та­лап­тарды сақтамай отыр. Тиісті шара қабылдаңыздар, со­дан кейін ғана базарды то­лық ашу туралы айтуға болады», деген Б.Сапарбаев базар бас­шылығына біраз ескерту жасады.

Бұл тек «Ауыл – Береке» базарына ғана қатысты сын емес. Бұдан бөлек, Тараз қаласында «Орталық» және «Атакент» сынды базарлардың көпшілігінде міндетті санитарлық, каран­тин­дік және өртке қарсы талаптар орындалмаған. Өрт бола қалған жағдайда оқиға орн­ына өртке қарсы қызмет тех­никасының жетуі де ба­с­ты мәселе. Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Берік Жарқынбеков базарлардың бірде-бірі арнайы бекітілген та­лап­тарға сәйкес келмейтінін айтады. «Адамдар маскасыз жүр. Санитарлық тазалағыштар жоқ. Арақашықтық сақталмайды», дейді ол.

Базар халық көп шоғыр­ла­натын орын болғандықтан, мұнда қауіпсіздік шараларының қатаң сақталуы маңызды. Бү­гін­де өңірде блок-бекеттердің алынғаны, кейбір нысандардың жұмысын бастауына рұқсат берілгені індеттің толығымен жо­йылғанын білдірмейді. Сон­дық­тан да жергілікті ха­лық­тың қауіпсіздігі үшін карантин талаптарының әсіресе базарларда толығымен сақталуы маңызды мәселе болып тұр.

 

Жамбыл облысы