• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
Оқиға 09 Маусым, 2020

Адам өмірін құтқарып қалды

371 рет
көрсетілді

Түркістан қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметкері, учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Әділбек Мархабай батылдығымен көпшіліктің алғысына бөленген жігіт.

Тәртіп сақшысы Түркіс­тандағы «Отырар»  шағын ауданындағы үйлердің бірінен шыққан өрттен үш азаматты аман алып шыққан. Дереу көмекке барған олар үйден егде жастағы екі қария мен оның қызын құтқарған. Өрт сөндіру қызметі мен жедел жәрдем ша­қырып, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсеткен. Қуанышқа орай, үй иелері зардап шеккен жоқ.

– Қасымда екі әскери ерік­­ті болды. Яғни Шах­рух Жу­рабеков пен Мақсат Жұма­на­­заров есімді жігіттермен өзі­мізге берілген аумақтағы қоғам­дық тыныштықты қада­ғалап жүрген болатынбыз. «Оты­рар» шағын ауданындағы үйлердің бірінің кіре берісінен түтін шығып, халық шулап кетті. Дереу барып ішке ендік. Үй тұрғындарын қауіпсіз аумақ­қа шығарып, көмек көрсеттік, – дейді ол.

Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Тұрғындар да тез арада көмекке келген тәр­тіп сақшыларына ризашылық­тарын айтып, алғыстарын біл­дір­ген.

Әділбек Келес ауданында  дүниеге келген. Жергілікті жердегі мектепті бітірген соң, Қос­танайда жоғары білім алады. Ішкі істер саласындағы ең­бек жолын учаскелік полиция инспекторы болып бастайды. Жұмысқа орналасқанына әлі жыл толмаған тәртіп сақ­шысы, қызмет бабында қы­ра­ғылығымен көзге түсіп, көпші­ліктің ыстық ықыласына бө­ленді.

Учаскелік полиция инспек­торы қазіргі кезде өзіне белгі­леніп берілген аумақтың ты­ныш­тығын күзету, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жә­не қылмыстың алдын алу бағы­тында еңбек етіп жүр.

– Жұмыс бары­сында ха­лықпен тығыз қа­рым-қа­ты­нас орнатамыз. Мәсе­леле­рін тың­дап, жағдайды үне­мі ба­қылауда ұстаймыз. Ха­­лыққа әр­дайым көмек бе­ріп, қол­дау көр­сету – біздің азамат­тық бо­рышымыз, – дейді полиция лей­тенанты.

 

Қайрат ЗАЙНИШЕВ