• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Маусым, 2020

Жұрт жұмыс деп жанып тұр

240 рет
көрсетілді

Жаман тұмау жер бетін жайлағалы Бурабай ауданының жұмыспен қамту орталығының жұмысы қыза түскен, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Жұмысқа орналасу туралы өтініштер көптеп түсуде. Қазірде сұранысқа ие мамандықтар бойынша онлайн режимде оқуға да болады. Мәселен, 1 маусымнан бастап кондитер, газэлектродәнекерлеуші, шаштараз, аспазшы, автоэлектрик сияқты мамандықтар бойынша қашықтан оқу басталды. Жыл басынан "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына қатысуға ниет білдірген 785 адамның 733-і жұмысқа орналасқан.

– "Жұмыспен қамтудың жол картасы" бағдарламасы аясында Щучинск қаласындағы №5,6 мектептеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар "Бурабай-Қатаркөл" тас жолын күрделі жөндеуден өткізуге 600 миллион теңге бөлінді. Жоба бойынша жұмыстар қазірде қызу жүруде, – дейді Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев.

Жалпы Бурабай ауданында биыл инфрақұрылымдық 48 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 1927 жаңа жұмыс орны ашылып, 865 адам орталық арқылы жұмысқа орналастырылады.

 

Ақмола облысы