• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Маусым, 2020

Атырауда 39 маман "Дипломмен ауылға" барады

377 рет
көрсетілді

Жоғары оқу орнын бітірген жас маманды қолдайтын жобаның бірі – "Дипломмен ауылға". Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сүйенсек, биыл аталған жобамен  жұмысқа  орналасатын жас мамандардың басым бөлігі Индер  ауданына барады, - деп жазады Egemen.kz

Жасыратыны жоқ, елді мекендерде жұмыс істеуге өтініш беретіндердің дені – жас мұғалімдер мен дәрігерлер. Мәселен, былтыр білім беру саласына 21, денсаулық сақтау мекемелеріне 8 жас маман жұмысқа тартылды.  Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметіне қарағанда, биыл 135 жас маманға жеңілдетілген несие беру жоспарланып отыр.  

"Қазір 39 маманның өтініші мақұлданды. Жас мамандардың өтініш беруге әлі де мүмкіндігі бар. Бұл үшін қалалық, аудандық әкімдіктердің экономика және қаржы бөлімдеріне немесе ХҚКО-ға құжаттарын тапсыруы қажет", -дейді Атырау облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мамандары.

Биыл  ауылдарға жұмысқа келетін мамандарға жергілікті бюджеттен 100 АЕК көлемінде біржолғы көтерме жәрдемақы, ал, тұрғын-үй сатып алуға 1500 АЕК шамасында несие  беру қарастырылыпты.