• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Маусым, 2020

ТЖ кезінде алматылықтарға қандай қолдау шаралары көрсетілді?

283 рет
көрсетілді

"Қазақстанда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу  үшін  екі айлық Төтенше жағдай режимі енгізілді. Алматыда қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін мекемелерден басқа барлық кәсіпорындардың қызметі тоқтатылған болатын", -  деп хабарлайды Egemen.kz.

Халықтың өмір сүру сапасын қолдау үшін әлеуметтік шаралар кешені қабылданды. Халықты қолдау құралдарының тізіміне: кірісін жоғалтқан жағдайда 42 500 теңге мөлшеріндегі  төлем, коммуналдық қызметтер шығындары үшін 15 000 теңге төлем, азық-түлік себетін ұсыну, 2 АЕК мөлшерінде біржолғы көмек берілді. 

441 мыңнан астам  алматылық 42500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек алды

42 500 теңге көлеміндегі төлемдер – ең төменгі мөлшердегі бір жалақы. Бұл төлемді төтенше жағдай кезінде кірістен айырылған азаматтар алды. ТЖ режимі Қазақстанда 2 айға ұзарып, тұрғындар аталған әлеуметтік көмекке екі рет ие болды.

Алматы қаласы бойынша  жалпы сомасы 18,8 млрд теңгені құрайтын 42 500 теңге көлеміндегі ай сайынғы төлем 441 736 адамға төленді: ТЖ режімінің бірінші айында 371 933 адам алса, екінші айда - 69 803 адам бұл көмекті  алды.

Сонымен бірге, өтініштерді қайта қарау бойынша жұмыстар жалғасуда. Әлеуметтік төлем алуда өтініштері кері қайтарылған азаматтардың өтініштерін қайта қарау тәртібі бекітілді. Ол үшін азаматтарға кірістен айырылғанын растайтын құжаттары мен өтініштерін штабқа өткізу қажет. Өтініш беру үшін  Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына хабарласуы керек.

52 мың алматылық  "Birgemiz" қорынан бір жолғы көмекке ие болды

Халықтың мұқтаж топтарын қолдау мақсатында коронавирусқа қарсы күрес жағдайында "Birgemiz" қоғамдық қоры құрылды.

Осы қордың жұмысы шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан жалпы сомасы 2,6 млрд  теңгеге 52 064 адам 50 мың теңге көлемінде ақшалай төлемдермен қамтамасыз етілді, оның ішінде:

көпбалалы отбасылар, аз қамтылғандар арасынан – 4 222 адам; бірінші топтағы мүгедектер – 5 586 адам; мүгедек баланы күтумен айналысатын ата-аналар - 6 605 адам; ең төменгі зейнетақы немесе ең төменгі базалық зейнетақы алатын зейнеткерлер – 6 403 адам; жетім балалар, оның ішінде – 756 жетім, асыраушысынан айырылғандар – 84; аз қамтылған, оның ішінде көпбалалы отбасылар (2019 жылы АӘК алушылары) – 6 584 адам; I және II топтағы зейнеткер мүгедектер – 4 510 адам; I және II топтағы зейнеткер мүгедектер – 4 510 адам; Ұлы Отан соғысына қатысушылары, Ұлы Отан соғысының мүгедектері және оларға теңелгендер - 3 406 адам .; тыл еңбеккерлері – 13 907 адам.

ТЖ кезінде 80 мың алматылық азық-түлік жиынтығымен  ақшалай қамтамасыз етілді

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы  №109 бұйрығына сәйкес, 2 АЕК-тен кем емес мөлшерде әлеуметтік төлем төленуі тиіс азаматтар санаты белгіленді.

Мұндай көмек 1 129, 5 млн теңгеге 80 230 адамға төленді (наурыз айында – 246, 2 млн теңгеге 44,2 мың адамға, сәуір – 310,6 млн теңгеге 55,1 мың адамға, мамыр – 572,8 млн теңгеге 72 293 адамға), олардың ішінде:

– 1,2,3 топтағы мүгедектерге – 409,8 млн теңгеге 27 742 адам;

– мүгедек балалар  –  114,3 млн теңгеге 6 577 адам;  

мүгедек баланы асыраушы ата-аналар - 105 млн теңгеге 6 283 адам;

– АӘК алушылар арасынан 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар – 112,7 млн теңгеге  6 752 адам;

– АӘК алатын кәмелеттік жасқа толғандар –  42,2 млн теңгеге 7 580 адам;

– ресми түрде тіркелген жұмыссыздар – 96,7 млн теңгеге 8 800 адам;

– зейнет жасындағы мүгедектер – 248,7 млн теңгеге 16 495 адам (наурыз- мамыр айлары үшін).

Еңбек министрінің бұйрығына өзгерістер енгізілуіне байланысты көмекке мұқтаж адамдар санаты кеңейтілді, 3 топтағы мүгедектер, ресми түрде жұмыссыз деп тіркелгендер санаттар құрамына қосылды.

Сонымен бірге,  “Жаңа Алатау” қоғамдық қоры арқылы Алматыда жалпы сомасы 145,6 млн теңгеге 14 мың адам азық-түлік жиынтығы қамтамасыз етілді.

Бастапқыда аталған қызмет жалғызбасты зейнеткерлерге (көмек үйлеріне барып) көрсетілді – 2 481 адам, аз қамтылған отбасыларға, сонымен бірге көпбалалыларға 5 443 адам. 24 наурыздан бастап колл-орталықтар арқылы өтініш (6 076 адам) берген халықтың басқа әлеуметтік санатындағыларға көмек көрсету басталды.

Жиынтықты жеткізу “Қазпошта” АҚ арқылы волонтерлардың жедел штабы арқылы жүзеге асырылды. Сонымен бірге, 6 мамырдан бастап  “Халық”  қайырымдылық қоры арқылы азық-түлік жиынтығымен қамтамасыз ету жүзеге асырылып келеді, олар 5 мың жиынтық көмек көрсеткен, олар аудандық әкімдіктер арқылы таратылады.

126 мың алматылыққа коммуналдық қызмет шығындарын өтеу үшін төлем қарастырылған

Бастапқыда Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірлеген ережелер бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарының санатына кіретін 69 мың алматылық осы көмекті алды. Алайда, алушылар қатарының кеңеюіне байланысты Алматыда әлеуметтік көмек алушылар саны 69 мыңнан 126 мың тұрғынға дейін 2 есеге өсті.

Бұл, бірінші кезекте, 1-3 топтағы мүгедектер, ҰОС қатысушылары және оларға теңестірілген адамдар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көп балалы отбасылар, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер және жалғыз басты зейнеткерлер, мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары, сондай-ақ АӘК алатын азаматтар.

Төлем үшін екінші шарт коммуналдық қызмет үшін меншікті жеке шоттың болуы. Тұрғындардың көптеген өтініштері бойынша біз басқа өңірлермен бірге жеке шот тіркелген отбасы мүшелеріне де төлем жасауға рұқсат беруді ұсындық. Бұл бастаманы министрлік мақұлдады. Осылайша, енді мемлекеттік қызметтер үшін төлемдерді тек жеке шот иелеріне ғана емес, сонымен бірге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «отбасы» санатына жататын адамдарға да төлеуге рұқсат етіледі.

Айына барлығы 30 мың өтініш мақұлданды. Төлемдер жеке шоттарға түседі, мұны коммуналдық қызметтер төлемінің түбіртектерінен көруге болады. Төлемдер электр, суық және ыстық су, кәріз, қоқыс жинау және лифт сияқты қызметтерді тұтынғаны үшін төленеді. Бүгінгі таңда 430 миллион теңге сомасында төлемдер жүргізілді.

Айта кетерлігі, бұл жұмыс одан әрі жалғасуда. Өтінімдерді беру уақытына қарамастан, маусымның аяғына дейін  қабылданады, төлемдер 2 айға – сәуір мен мамырға төленеді. Осы санаттарға жататын барлық тұрғындар 2 айдың ішінде 341-05-27, 3-777-444 телефондары арқылы байланыс орталығына қоңырау шалып,аталған көмекті ала алады.

Бір ай ішінде байланыс орталығына 200 мыңға жуық алматылық жүгінгендіктен, байланыс орталығы операторларының санын 40-тан 80 адамға дейін көбейту туралы шешім қабылданды және қосымша нөмір енгізілді.

Жеңістің 75 жылдығына  орай ҰОС  қатысушылар мен мүгедектерге берілетін  бірреттік төлем

Жеңістің 75 жылдығына  орай  Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге  және басқа санаттағыларға біреттік  төлем  берілді.

Әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету мақсатында 18 296 алматылыққа жалпы сомасы 1,3 млрд  теңгеге біреттік  төлемдер жүргізілді.

– Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге 1 млн  теңге (202 адамға 202 млн. теңге);

– 100 мың теңгеден Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектерге жеңілдіктер мен кепілдіктеріне тең адамдар (3 954 адамға 395 млн.теңге);

– Ұлы Отан соғысында қайтыс болған (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) әскери қызметшілердің қайта  тұрмыс құрмаған жесірлеріне 100 мың теңгеден (4 адамға 0,4 млн теңге);

 – Ауғанстандағы соғыс кезінде алған жарақаттар,  сырқаттанып  қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналары мен жұбайларына 100 мың теңгеден (32 адамға 3,2 млн  теңге);

 –  тыл еңбеккерлерііне  (Ұлы Отан соғыс жылдарында тылда жұмыс істеген), оның ішінде КСРО медальдарымен және ордендерімен марапатталған, сонымен қатар марапатталмаған адамдарға 50 мың теңгеден (14 104 адамға 705 млн теңге) берілді.

“Жұмыспен қамтудың Жол картасы”  жобалары аясында 26 мың жаңа жұмыс орны құрылады

Жұмыспен қамту мәселесі халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді. Алматы әкімдігі халықты нәтижелі жұмыспен қамтамасыз ету шараларын күшейтті.

“Еңбек” нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасының аясында жыл басынан бері барлығы 17,4 мың адам жұмысқа орналастырылды, олардың ішінде 13,9 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылды. “Жұмыспен қамтудың Жол картасы” бағдарламасының аясында 5,9 мың адам жұмыспен қамтылған, уақытша жұмыс орындарына 3,4 мың адам орналасты, соның ішінде:

 – әлеуметтік жұмыс орындарына – 718 адам;

– жастар практикасы бойынша – 156 адам;

 – қоғамдық қызметке –  2 571 адам. 

Ағымдағы жылдың соңына дейін "Жұмыспен қамтудың Жол картасының" инфрақұрылымдық жобаларын іске асыру аясында жұмыссыз жастарға басымдық беріледі. Халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы жалдамалы қызметкерлердің кемінде 50%-ы жұмыспен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, 26 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған.

Жұмыспен қамтудың жол картасы аяқталғаннан кейін жаңа нысандардың құрылысы есебінен шамамен 2,1 мың тұрақты жұмыс орны құрылатын болады.