• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Спорт 10 Маусым, 2020

Енді Қазақстан футболшылары Ресейде легионер болып есептелмейді

480 рет
көрсетілді

Ресей футбол одағы келесі маусымда легионерлер лимитін күшейтуді көздеп отыр. Яғни, әр команданың ойыншылар тізімінде 17 жергілікті ойыншы және өзге елдің 8 өкілі болуға тиіс, - деп хабарлайды Egemen.kz

Алайда, бұл шектеудің енді Қазақстан, Қырғызстан және Арменияға еш қатысы жоқ. Жоғарыда аталған мемлекеттерден келіп, Ресей чемпионатында өнер көрсетіп жүрген ойыншылар бұдан-былай легионерлер санатында емес. Себебі, бұл елдердің барлығы да Еуразиялық экономикалық одаққа мүше. Осыдан біраз уақыт бұрын Беларусьтің өкілдері де сондай мәртебеге ие болған.

Қазіргі кезде Қазақстанның үш аяқ доп шебері Ресей Премьер-лигасында ойнауда. Атап айтсақ, Исламбек Қуат "Оренбургта", Бақтияр Зайнутдинов "Ростовта" және Ақмаль Бақтияров "Сочиде" өнер көрсетуде.